432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелді

  • 357
  • UPD: 14:33, 17.03.2020

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелді.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, контакт болған азаматтармен жұмыс жасалды. Барлық байланысқан адамдар анықталуда», - деді министр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 27 коронавирус жағдайы тіркелді.

Бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған тағы 3 адам анықталған болатын.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың арасында екі жасар бүлдіршін де бар.

Бұған дейін 15 наурызда Ыстамбұл рейсімен келген бойжеткеннен коронавирус анықталғанын мәлімдегенбіз. 

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұма намазға қатысты үндеу жариялады

Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді

Қолма-қол ақша коронавирус тасымалдауы мүмкін – мамандар

Ірі сауда нысандары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгереді

Хабар 24 телеарнасы