443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамға жетті

  • 466
  • UPD: 09:35, 18.03.2020

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 35-ке жетті. Алматыда 17, Нұр-Сұлтан қаласында 18 адам індетке шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Денсаулық министрлігі өкілі Диас Ахметшәріптің хабарлауынша, 1974 жылы туған әйел, ол Мәскеу-Алматы рейсімен 10 наурызда ұшып келген. Ал екінші науқас 1998 жылғы туған студент қыз, Ыстамбұл-Мәскеу рейсімен 15 наурызда ұшып келген.

Кеше кешкісін жария болған ақпаратқа сүйенсек, 1 мың 536 науқас ауруханада ем алуда. 1 мың 94 адам үй жағдайында карантинде.

Ал Қазақстан Президенті ел аумағында төтенше жағдай жариялап, қазақстандықтарға телевизиялық үндеу жасаған болатын.

 

Хабар 24 телеарнасы