411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Медициналық маскалар жарнамалық сайттарда шарықтаған бағамен сатылып жатыр

  • 254
  • UPD: 11:28, 19.03.2020

Екі шаһарда карантин енгізіледі дегелі дәріхана сөрелерінен медициналық маскалар мен антисептиктер жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есесіне, бұл күндері ауадай қажет тауарлар жарнамалық сайттарда шарықтаған бағамен сатылып жатыр.

Ұзын-сонар кезек. Медициналық маска мен антисептиктің бар-жоғын анықтап жатқан халық. Карантинге санаулы сағат қалғанда елордалықтардың дәріханаларға лап бергені таң қалдырмайды. Таң қалдырғаны – масканың бағасы: 

Блиц 1:

- Қаншаға алдыңыз біреуін?

- 1800-ден біреуі.

- Бұл арзан баға деп ойлайсыз ба?

- Арзан емес, әрине, бірақ керек. Балаларыма алдым. Жұмысқа барады олар.

Блиц 2:

Аптекаға кірдім, звондағанда маска «бар» дейді. Бірақ келген кезде «жоқ» дейді. Анда «Саламатқа» бардық, мынадай маскаларды 2 мыңнан сатып тұр.Кезекте бір сағат тұрдық. Көп аптекаларда мынадай 20 теңгенің жай маскаларын қазір 500 теңгеден сатып жатыр.

Блиц 3:

- Бүгін міне, төрт дәріханаға кіріп шықтым. Тұран көшесін айналып шықтым, міне, енді осы Сарайшықтың бойына келіп жеттім. Бірақ маска еш жерде жоқ. Антисептикитер де жоқ. Сөрелердің барлығы бос. Қазір тағы іздеймін.

Қорғаныш бетпердесі, антисептик былай тұрсын, дәріханадан қарапайым дизенфекциялық құралдарды табу мүмкін емес.

Бақыт Топтаева тілші:

- Бұрын небәрі 100 теңге тұратын хлоргексидин қазір дәріханаларда жоқтың қасы. Тіпті бұл құралды табу үшін интернет сайтқа жүгінуге тура келеді. Ал оның бағасы қазір ол жерде 350 теңгеге дейін шарықтап кеткен.

Сұранысқа ие тауар бағасын анықтау үшін сайттағы нөмірлердің біріне хабарласқан едік.

Онлайн саудагермен диалог:

- Мен хабарландыру бойынша звондап отырмын. Хлоргексидин сатылады деп айтылған. Бар ма?

Сатушы: 

- Ия, бар.

- Журналист:

- Кем дегенде қаншасын сатасыз?

- Минимум 20 ғой. Жеткізу тегін.

- Бағасы қанша?

- 350-ден біреуі.

- Біреуі 350?! Неге сонша қымбат? Бұрын дәріханаларда 100 теңгеден аспайтын еді ғой?

- Қазір жоқ қой, көріп тұрсыздар.

- Ал, өздеріңіз қайдан алдырасыздар?

- Менде өзімде дәріхана, шаруашылық тауарлары дүкені болған ғой. Соның бәрін қалғанын сатып жатырмыз.

Ұзын сөзің қысқасы, телефонмен әңгіме барысында сатушының жеке дәріханасы барын, ондағы антисептик, дизенфекциялық құралдарды қымбат бағаға сатып жатқаны белгілі болды. Осылайша, ғаламторда самсап тұрған бір ғана хабарландырудан көлеңкелі сауданың қызып жатқанын аңғару қиын емес. Елордаға таяу арада бір миллион маска жеткізу жоспарда бар. Денсаулық сақтау министрлігінің «олар бөлшек саудаға бірдей бағамен шығарылады» дегені бар. Алайда, әккі саудагердің ауадай қажет тауарды сайт арқылы сатпасына кім кепіл?

Хабар 24 телеарнасы