430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті

  • 1239
  • UPD: 13:16, 19.03.2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі елімізде тағы жеті адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Дерек Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Мұның алдында Алматыда ер адамның індет жұқтырғаны расталған болатын.

Қазіргі кезде Қазақстанда індет жұқтырғандардың жалпы саны 44. Алматыда 19 науқас анықталды. Ал Нұр-Сұлтан қаласында дертке 25 адам шалдыққан. 

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізілді.  Ал Қазақстан Президенті ел аумағында төтенше жағдай жариялап, қазақстандықтарға телевизиялық үндеу жасаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы