445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ломбардтар жабылады

  • 113
  • UPD: 14:50, 26.03.2020
Елордада ломбардтар жабылады

Ертеңнен бастап карантинге байланысты елордадағы ломбардтар уақытша жабылады.

Ал ақша айырбастау орындары, басқа да қаржылық ұйымдар жұмысы сағат 10:00 мен 16:00 аралығында жалғасады. Үй жанындағы дүкендер 8 сағат жұмыс істейді.  Яғни таңғы 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін азық-түлік, өзге де қажет заттарды сатып ала аласыз.

Дүкен демекші, Нұр-Сұлтан қаласында 50-ге тарта ірі сауда орны бар. Онда күн сайын зарарсыздандыру жүргізу міндет. Антисептикалық құралдар да жеткізілген. Әрбір келушіде бір реттік маска болуы қажет. Сақтық ретінде азық-түлік тұтынушыға арнайы қаптамада оралып сатылады. Кассада тұрғандар 1 метр қашықтықты сақтауы тиіс. Кассирлер де арнайы костюмдермен қамтылған.

Ерлан Бекмұрзаев, қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы:

– Ең бастысы, адамның денсаулығы. Коронавирус инфекциясының басқаларға таралуын тоқтату. Сондықтан осындай мәжбүрлі іс-шараға барып отырмыз. Ол – әлемдік тәжірибе. Барлық елдерде осындай шаралар қолданылып жатыр. Сондықтан бизнес өкілдері, өзіміздің халқымыз түсіністікпен қарайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы