448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді

  • 434
  • UPD: 02:08, 27.03.2020
Қазақстанда коронавирустан алғашқы өлім тіркелді inform.kz

Қазақстанда коронавирустық инфекциядан бір адамның өлімі тіркелді.

Өкінішке қарай елімізде вирустың алғашқы құрбаны тіркелді. Індеттен әйел адам көз жұмды. Бұл туралы шұғыл брифинг кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлап, марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтты.

Вирустан қайтыс болған Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны жүргізілген қарқынды емге қарамастан, ауруханада жан тапсырды.

Екіжақты өкпе қабынуының кесірінен тыныс алу жолдары тарылып, марқұмның қант диабеті ауруынан вирус ағзаға таралып кеткен. Ол Ақмола облысының көп салалы ауруханасында ем қабылдаған болатын. Толық ақпаратты сала мамандары арнайы брифингте жариялайды.

Хабар 24 телеарнасы