Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетінен тағы 1 адам көз жұмды, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
50 жастағы науқас 21 наурызда ауруханаға түскен. Бір ай бойы ауырған, дегенмен медициналық көмекке жүгінбеген.
Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 2 адам қайтыс болды.
Қазақстанда коронавирустан алғашқы өлім жағдайы 26 наурызда тіркелген еді.