476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда коронавирустан бір адам қайтыс болды

  • 817
  • UPD: 15:41, 16.04.2020
Алматыда коронавирустан бір адам қайтыс болды

Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Марқұм 1960 жылы дүниеге келген ер адам. ⠀

Таяуда коронавирустық инфекция расталған тағы бір пациент көз жұмды. Бұл пациент 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасының провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған талдаулары оң нәтиже берді.

Қазақстанда коронавирус індетінен барлығы 17 адам қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы