476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет басшысы: Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын

  • 1010
  • UPD: 23:40, 19.04.2020
Мемлекет басшысы: Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан карантин режимін сақтауды сұрады.

Ол өзінің Твиттердегі парақшасында індеттің шарықтау шегіне әлі жетпегенін атап өтті.

«Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ індет шарықтау шегіне жеткен жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілер ме волонтерлерге алғыс айта отырып, олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажеттігін айтты.

«Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет», деді Мемлекет басшысы.

Хабар 24 телеарнасы