417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды

  • 801
  • UPD: 14:30, 04.05.2020
Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды Liter.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысы болды.

Президенттің ұсынысы бойынша сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты Парламент Сенатының төрағасы етіп бірауыздан сайлады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

М.Әшімбаев Президентке және сенаторларға жоғары сенім көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

«Президентіміз еліміздің алдында тұрған мақсаттарға жан-жақты тоқталып кетті. Қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе, ол әрине, пандемиямен – бүкіл әлемге тараған осы індетпен күресті жалғастыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Елбасымыздың саясатының сабақтастығын сақтап, мемлекетімізді, экономиканы одан әрі дамытуға, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президентіміздің стратегиясын іске асыру болып табылады. Қазақстан Парламенті Сенаты Мемлекет басшысының саясатын заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараны жүзеге асыратын болады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мұның алдында Президент Қ.Тоқаевтың жарлығымен М.Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ ҚР ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттілігін тоқтатқан болатын.  Президент жарлығымен Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттілігі тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы