423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұшақ жолаушыларынан коронавирустың жоқ екенін растайтын анықтама талап етілмейтін болды

  • 509
  • UPD: 13:05, 11.05.2020

Қазақстанда 11 мамырдан бастап ұшақ жолаушыларына, әуежай қызметкерлері мен экипажға коронавирусты анықтау үшін міндетті түрде ПТР талдау жасату талабы алынып тасталды.

Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Әлеуметтік қашықтық, анкета толтыру, маска тағу, терминал ғимаратына кірмеу, байланыссыз термометрия және басқа да шектеулер өзгеріссіз қалады.

Хабар 24 телеарнасы