411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 1 маусымнан бастап пойыздар жүре бастайды

  • 195
  • UPD: 19:20, 13.05.2020
Қазақстанда 1 маусымнан бастап пойыздар жүре бастайды

1 маусымда ішкі теміржол қатынасы қайта жанданады.

Жолаушылар тасымалы кезең-кезеңмен іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билеттер 15 мамырдан бастап сатылады. Ал, 13 мамырда Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады. Сонымен қатар 18 мамырда қонақ үйлер мен сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілері қайта жұмысын бастайды. Яғни, жазғы алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сонымен қатар 18 мамырда діни құлшылық жасау нысандары да жұмысқа кіріседі. Бірақ ғимарат ішіндегі адам саны 30%-тен аспауы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

қонақ үйлер;

қоғамдық тамақтану объектілері (30 адамдық орынмен);

таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдары;

2020 жылғы 18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).  

2020 жылғы 1 маусымнан кезең-кезеңмен, ішкі темір жол қатынасын, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

Сонымен қатар шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.

Хабар 24 телеарнасы