411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 маусымнан бастап теміржол вокзалына билеті мен бетпердесі бар адамдар ғана кіре алады

  • 271
  • UPD: 22:49, 14.05.2020
1 маусымнан бастап теміржол вокзалына билеті мен бетпердесі бар адамдар ғана кіре алады

Шығарып салушыларға вокзалға кіруге болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көліктегі бас санитарлық дәрігердің қаулысы осындай. Жолға шығатын жолаушылар арнайы анкета толтырады. Сонымен қатар теміржол қызметкерлері бетперде мен қолғап киюге міндеттеледі. Вагондардарда адам санына шектеу қойылмайды. Яғни купеде немесе плацкартта қанша орын болса, сонша жолаушы болады. Темір жол билеттері 15 мамырдан бастап сатыла бастайды.

Сәдуақас Байғабылов, көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

– Пойыз вагондарының желдеткіш жүйесі толық тексеріледі. Қажет болса, желдеткіш фильтрлары ауыстырылуы тиіс. Жолаушыларға бір вагоннан екінші вагонға жүруге шектеу қойылады. Сондай-ақ санитарлық талапқа сай, пойыздарда антисептик, дәрі-дәрмек және басқа да залалсыздандырғыш заттар болуы шарт. Темір жол рейстерінің жандануы кезең кезеңімен іске асады.

Хабар 24 телеарнасы