411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда аумағына кіруге рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейді

  • 164
  • UPD: 16:57, 18.05.2020

Елорда тұрғындарының карантин жағдайында өмір сүріп жатқанына бүгін 61-күн.

Кейінгі кездері қала ішінде біраз шектеулер алынғаны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен блок-бекеттердің жұмысы әлі жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, жуырда ғана жүре бастаған қоғамдық көлік тоқтауы мүмкін.

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

- Елордада қоғамдық көліктің тоқтауы мүмкін деген ақпаратты кеше «СТС» компаниясының қоғаммен байланыс қызметі таратты. Мұндай қадамға көптеген жолаушылардың санитарлық талаптарды орындамауы себеп болып отырған көрінеді. Бұл уәждің қаншалықты орынды екеніне көз жеткізу үшін адам көп жиналатын бірқатар аялдаманы аралап шықтық. Жолда бақылаушыға бағынбайтындарды да, маскасыз жүргендерді де кездестірдік.

Блиц:

- Кеше маскасыз жүрдім. Бүгін де солай болатын шығар деп ойладым.

Осыған байланысты аялдамадағы бақылаушылар жауапты мекемелерден жолаушыларға қатысты талапты күшейтуді сұрап отыр. Себебі, алғашқы күндермен салыстырғанда тәртіпке бағынғысы келмейтіндердің саны айтарлықтай артқан. Шектеуге шекеден қарайтындардың көбейгені соншалық, кейде автобусқа бақылаушылардың өзі сыймай қалады екен.

Осыған байланысты 12 мамырда ғана қатынай бастаған қоғамдық көлік талаптар сақталмаса, көп ұзамай тоқтауы мүмкін. Оған қоса, алдағы күндері автобуспен жүретін жолаушылардың саны көбейеді. Бүгіннен бастап блок-бекеттердің жұмыс тәртібі өзгеріп, елорда аумағына кіруге рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейді.

Ескеретін жайт, карантин аймағын кесіп өтетін әр адам міндетті түрде «Сергек-Блокпост» ақпараттық деректер базасында есепке алынуы тиіс. Ал азаматтарды қалаға кіргізу-кіргізбеу жөніндегі соңғы шешімді блок-бекеттегі жауапты мамандар қабылдайды.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы