426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт басталды

  • 423
  • UPD: 07:32, 24.05.2020
Бүгін мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт басталды qazaqstan.tv

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін айт мейрамы бүкіл халықты мейірімді, ізетті, қайырымды болуға үндейді.

Биыл бұл атаулы күн карантин режиміне сәйкес келгендіктен, мешіттерде айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Сондықтан әркім өз үйінде дұха намазын оқиды. Ораза айт – отбасылық мереке. Бұл күні жақындарыңызға сыйлық беріп, оларды қуанышқа бөлеу – сауапты іс. Мұқтаж жанға көмек қолын созып, қайырымдылық жасау да сауабы мол амалдың бірі.

Ерболат Жүсіпов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:

- Қанафи махсабының ғұламалары айтады егер кімде-кім себеппен айт намазын оқый алмаса, оның орнына дұха намазын оқысын деген екен. Дұха намазы екі немесе төрт рәкәттән тұрады. Біз жалпы мұсылмандарды үйде болуға сақтық шараларына жіті мән беруге шақырамыз. Себебі әрбір адамның денсаулығы екінші адам үшін үлкен құндылыққа ие. Сондықтан Алла Тағала сабырлық берсін. Шыдамдылық берсін. Жалы елді, қазақ елін айт мерекесімен құттықтаймын. Алла отбастарына береке берсін. Тәуелсіздігіміздің тұғырын Аллам биік қылғай.

Хабар 24 телеарнасы