429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел аумағындағы блок-бекеттер 1 маусымда алынады

  • 601
  • UPD: 17:55, 29.05.2020

Бірінші маусымнан бастап ел аумағындағы блок-посттар алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді. Бірақ қала арасында жолаушы тасымалдайтын автобустар тек 5 маусымнан бастап ғана жолға шыға алады. Оның үстіне, блок-бекеттердің барлығы бірдей алынбауы мүмкін. Әр аймақ басшылығы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім шығарады. Бірінші маусымнан бастап пойыздар да кезең-кезеңмен іске қосылады.

Жәнібек Тайжанов, ҚР ИИДМ көлік комитеті төрағасының орынбасары:

– Екінші кезеңде, маусымның 10-нан бастап, 39 бағыт бойынша жолаушылар пойызы іске қосылады. Оның ішінде 6 тальго, 14 стандартты пойыз және 19 қала маңы қатынасындағы пойыздар.

Мамандар билет құны бәз қалпынша қалады деп сендіріп отыр. Осы ретте, халықаралық әуе қатынастары да қайта жанданатыны мәлім болды. Бірінші кезеңде Қытайға, Оңтүстік Кореяға және Әзербайжанға ұшуға рұқсат берілуі мүмкін.

Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің басшысы:

– Екінші кезең бойынша эпидемиялық қауіпсіздігіне байланысты Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Тағы да бөлек айтып кететін мәселе, аталған рейстер ертеңнен бастап ашылмайды. Және тек қана эпидемиялық жағдайға байланысты барлық инстациялармен келісу біткеннен кейін басталады.

Хабар 24 телеарнасы