405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев ресейлік «Комсомольская правда» басылымына сұхбат берді

  • 407
  • UPD: 14:24, 03.06.2020

 

Президент Ресей, Беларусь, Қытай, Америкамен арадағы қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Біздің еліміздің азаматтары үшін Ресей – ең жақын мемлекет. Екі ел арасындағы сенім мен өзара түсіністік ғасырлар бойы қалыптасқан. Көптеген ресейлік пен қазақстандықты туыстық, достық, кәсіби байланыстар біріктіреді деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Астық ОПЕГІН» құру жақсы бастама екенін жеткізді. Себебі Қазақстан мен Ресей әлемдегі бидай экспорттайтын елдердің алғашқы ондығына кіреді. Президент Қытай экспансиясы шындыққа жанаспайтынын да айтты. Оның үстіне Қазақстан мен Қытай арасында бұрыннан берік сауда қатынасы қалыптасқан. Мәселен, былтыр қос мемлекет арасындағы өзара сауда айналымы 14 жарым миллиард доллар болды. Бұдан соң Президент «біздің елде Американың әскери базаларын салу талқыланып жатқан жоқ, бұл мәселе күн тәртібінде емес» деді. Қазақстанның АҚШ-пен энергетика, жаңа технологиялар бағытында нәтижелі әріптестігі бар. Президентке «Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін бе?» деген сұрақ та қойылды. Олардың сөзінше, еліміздің солтүстігі мен шығысында көбіне орыстар тұрады, сондықтан кейбір сарапшылар Қазақстанның осы аймақтары бөлініп кетуі мүмкін дегенді айтып жүр екен. Мемлекет басшысы осындай бос сөз таратып жүргендерге жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жалған сарапшылардың мұндай болжам жасауына ешқандай негіз жоқ. Бәлкім, мұның бәрі Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және мемлекеттеріміз арасындағы тату көршілік, одақтастық қатынастарды бұзуға бағытталған болуы мүмкін. Мұндай болжамдарды тек біліксіз, өзгелердің көлеңкесіне жасырынатын адамдар ғана айтады.

Хабар 24 телеарнасы