420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ҰБТ басталды

  • 427
  • UPD: 07:35, 21.06.2020
Қазақстанда ҰБТ басталды ALTAYNEWS

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Алғашқы күні сынақтан 6 жарым мың оқушы өтеді. Тестілеу өтетін нысандарда санитарлық талаптар күшейтілген. Яғни әуелі талапкер дезинфекциялық тоннельден өтеді. Сосын арнайы кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандырып, дене қызуын өлшейді. Антисептикпен қолын жуып, әрбіріне медициналық маска беріледі. Талапкерлер ара қашықтықты сақтау үшін аудиторияның тек 50 процентіне ғана отырғызылады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, ҰБТ барысын онлайн бақылауға мүмкіндік жасалған. Қазақстан бойынша бүгін 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді. Тестілеу 5 шілдеге дейін, яғни 15 күн бойы өтеді.

Хабар 24 телеарнасы