ҚР Президенті медицина қызметкерлерін мемлекеттік орден және медальдармен марапаттады
- 572
- UPD: 19:38, 21.06.2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін мемлекеттік орден-медальдармен марапаттады.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», – деп жазды ол.