417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда күні қарсаңында Қазақстандағы ең үлкен ту көтерілді

  • 300
  • UPD: 18:24, 04.07.2020

Жыл сайын елорда күні қарсаңында үзілмейтін бір үрдіс бар. «Атамекен» мемориалдық кешені алаңындағы ту салтанатты түрде көтеріледі. Тудың тұғырға қонуы бұл қала күнін тойлаудың ресми түрде басталғанын білдіреді.

Бүгін еліміздегі ең үлкен Мемлекеттік ту көтерілді. Бірақ елдегі ахуалға байланысты алаңға аса көп адам жиналған жоқ. Биылғы мерекенің ерекшелігі де сол, барлық шаралар онлайн режимде өтпекші. Алаңға келген Президент оркестрі мен Ұлттық Ұлан сарбаздары көк байрақты көкке көтеріп берді.

Хабар 24 телеарнасы