429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада коронавирустан 61 адам көз жұмған

  • 345
  • UPD: 17:00, 07.07.2020
Елордада коронавирустан 61 адам көз жұмған

Елордада барлығы 5984 адам коронавирус жұқтырып, 61-і қайтыс болған.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар жайлы мәлімдеді.

«Бүгінде елордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 5984-ке жетті. Олардың 54%-і немесе 3248 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 61 адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта біз инфекциялық және провизорлық стационарлардың санын көбейту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз», - дейді елорда әкімі.

Өз сөзінде стационарлар саны көбейтілгенін тілге тиек етіп өтті.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, стационарлардағы орындар көбейтілді. Мәселен, карантин уақыты басталған шақта тек қана 3 стационар болып, онда 1000-ға жуық орын қарастырылса, қазір 13 стационар ашылып, 3700-ден астам орын бар. Оның 87%-інде науқастар ем қабылдап жатыр», - деді Алтай Көлгінов.

 Коронавирусты жеңгендердің арасында вирусты қайта жұқтырғандар бар ма

Елордада Медициналық академияның түлектері дәрігерлерге көмектеседі

Алтай Көлгінов: Елорда стационарларының 87% толық

 

Хабар 24 телеарнасы