431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы түрлі дәрумендер мен ББҚ қолдану денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін

  • 420
  • UPD: 15:21, 08.07.2020
Коронавирусқа қарсы түрлі дәрумендер мен ББҚ қолдану денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін

Коронавирустан қорғану үшін әртүрлі дәрумендерді қолдана беру денсаулыққа теріс әсер етуі де мүмкін.

«Қазіргі уақытта көптеген адамдар түрлі дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар қолданып жүр. Дегенмен олардың арасындағы қарама-қарсы байланысты ешкім есепке алмайды. Бұл да өте күрделі мәселе, олар денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін», - деді м.ғ.д., жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар С дәруменін көп мөлшерде тұтыну бүйрек ауруларын тудыруы мүмкін екенін де айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы