429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент: Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?

  • 363
Президент: Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда? Ақорда

Мемлекет басшысы «СҚ Фармация» компаниясын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің отырысында айтылды.

«Қазақстанда дәрі мен медициналық бұйымдардың көптеген түрін өндіруді жолға қоятын кез келді. Қашанға дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Намысымыз қайда?

Беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет. Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы тұрғындар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ аспас үшін Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керектігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы