418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда коронавирус құрбандарын еске алу рәсімі өтті

  • 295
  • UPD: 14:20, 13.07.2020

Қаймана қазақ қара жамылды. Тұтас ел қауіпті кеселден қайтыс болғандарды аза тұтты.

Сағат тілі тұп-тура 12:00-ді көрсеткенде мұқым жұрт індеттен көз жұмғандардың рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздік жариялады. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясы, Үкімет үйі, Парламент ғимараты алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті.

Сондай-ақ республикалық және облыстық мешіттер мен медреселерде Құран Хатым дұғасы оқылып жатыр.

Бүгінгі күнге дейін елімізде 375 адам осы қауіпті кеселден қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы