426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа оқу жылында телесабақтар көрсетіле беретін болады

  • 736
  • UPD: 15:42, 18.07.2020
Жаңа оқу жылында телесабақтар көрсетіле беретін болады

Жаңа оқу жылында телесабақтар сол күйі қалады. Бұл жайлы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнамызға берген сұхбатында айтты.

Қазіргі таңда түсірілім жұмыстары жалғасып жатыр. Сабақтардың ұзақтығы әртүрлі болады.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа оқу жылында бұл сабақтарды көрсететін екі телеарнамен тиісті келіссөздер жасалды. Бұған қоса министр оқулықпен қамту мәселесін түсіндіріп өтті.  

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Біз барлық балаларды қағаз оқулықтармен қамтуымыз қажет. Қазір пандемияға байланысты оларды кезекпен таратуды жоспарлап отырмыз. Тағы биыл оқулықтардың электронды нұсқасы да болады. Олар тамыз айының соңына дейін барлығы дайын болуы тиіс. Бірақ олардың форматы қандай болатындығы жайлы мәселе шешіліп жатыр. Бастысы, ыңғайлы болу керек. Оқушы қағаз күйіндегі оқулықты ма, әлде оның электронды нұсқасын таңдай ма, өзі шешеді.

Хабар 24 телеарнасы