421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Қазақстанда қанша медицина қызметкері өтемақы алады

  • 413
  • UPD: 16:26, 21.07.2020
COVID-19: Қазақстанда қанша медицина қызметкері өтемақы алады

Жұмыс барысында коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлері мен індеттен көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына берілетін өтемақы туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Біз коронавирус жұқтырған және көз жұмған медицина қызметкерлері туралы мәліметтерді өңірлік комиссиялардан алдық, оны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібердік. Қазіргі уақытта жұмыс барысында коронавирус жұқтырған 123 медицина қызметкері және 59 өлім жағдайы тіркелді», - деді министр.

Айтуынша, қазіргі уақытта өтемақы төлем үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл жағдайларды қарастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы