425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев: Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр

  • 404
  • UPD: 08:15, 22.07.2020
Қ.Тоқаев: Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

Президент бұл жазбасында: «Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті Көбейтұз көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды. Бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді. Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек», – деді Президент.

Бұған дейін Көбейтұздың жағасына көлікпен кірген азаматтың әрекеті желіде қызу талқыланып, оған полиция іздеу салғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай Көбейтұз көліне көлікпен кірген адам ұсталды.

Көбейтұз көлі 49 жылға жалға берілмек

Көбейтұз көлінің адамға берер ешбір емдік шипасы жоқ – Мамандар

Хабар 24 телеарнасы