429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

  • 285
  • UPD: 15:48, 22.07.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады akorda.kz.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру бағытында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жайында есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы