424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысының Шорнақ ауылында жанжал болып, төрт адам ұсталды

  • 742
  • UPD: 12:19, 24.07.2020
Түркістан облысының Шорнақ ауылында жанжал болып, төрт адам ұсталды

Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болып, бір инспектор мен үш тұрғын жарақат алған.

Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде айтты.

«Түркістан облысының Шорнақ ауылында жастар арасында тұрмыстық жанжал болды. Екі жақ бір-біріне тас лақтырып, нәтижесінде бір учаскелік инспектор мен үш тұрғын жарақат алды. Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы жарақат алғанына қарамастан, заң бұзушылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шараларының барысында жанжалға қатысқан 4 азамат анықталып, ұсталды», - деді министр.

Қазіргі уақытта жанжалдың неден шыққаны туралы барлық мән-жай тексеріліп жатыр.

«Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпараттар таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Ол үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салды», - деді.

Ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері жұмыстарын күшейткенін және қазір жағдай тұрақталғанын айтып өтті.

Сондай-ақ министр әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге және оны таратпауға шақырады.

ҚР ішкі істер министрінің Шорнақ ауылы мен Сәтбаев қаласындағы оқиғаларға байланысты мәлімдемесі.

Хабар 24 телеарнасы