420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның батыс бөлігінде вирустың таралуы бәсеңдей бастады

  • 533
  • UPD: 19:19, 25.07.2020
Қазақстанның батыс бөлігінде вирустың таралуы бәсеңдей бастады

Еліміздің батысында коронавирустық инфекцияның таралуы бәсеңдей бастады. 

Маңғыстау облысында өткен тәулікте індеттің ілмегіне іліккен 24 науқас жазылып шыққан. Осылайша қауіпті кеселден жазылғандар қарасы 74 процентке жетті. Яғни бүгінге дейін 2 мыңға жуық тұрғын COVID-19 індетінен сауығып шыққан. Сондай-ақ қауіпті кеселді жұқтырудың тәуліктік өсімі азайғаны байқалады. Жалпы аймақта індетпен күреске 2 мыңға жуық медицина қызметкері  жұмылдырылды.

Қуантарлығы сол, ауруханаға ауыр халде түсіп, дәрігерлер көмегімен беті бері қараған науқас аз емес.  Солардың бірі осыдан жиырма күн бұрын көп бейінді провизорлық стационардың жансақтау бөліміне түскен Алтынай Өтесінова. Таяу күндері 58 жастағы әйел жалпы палатаға ауыстырылмақ.

Алтынай Өтесінова, қала тұрғыны:

- Шүкір, жақсымын. Ауруханаға алғаш күні түскен кезімдегі жағдайға қарағанда қазір жақсымын деп айта аламын. Алғашында үй жағдайында емделдім, дем жетпегені есімде, әрі қарай не болғаны мүлдем есімде жоқ. Дәрігерлерге мың алғыс. Ауырып жатқандардың саны аз емес, қаншамасы емделіп үйлеріне оралып жатыр. Осы ауруханаға жатқызылған соң өзімді аман қалдым деп есептеймін. Ал егер де әрі қарай үй жағдайында емделгенімде жағдайым жақсы болар еді деп айта алмаймын. Тек осында келген соң өзіме келдім.

Хабар 24 телеарнасы