426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа оқу жылында кезекші сыныптар ашылады

  • 700
  • UPD: 12:41, 04.08.2020

Эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда шалғайдағы шағын мектептер бұрынғы тәртіп бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал республика бойынша жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Оның айтуынша, жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі, ата-аналардың өтініші негізінде бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады. Оларда бала саны 15-тен аспайды әрі оқушылар бір кабинетте бір мұғалімнен оқиды.  Бұл сыныптарда санитарлық талаптар қатаң түрде сақталуы тиіс, деді сала басшысы.      

 

Хабар 24 телеарнасы