431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СІМ Ливандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

  • 347
  • UPD: 07:04, 05.08.2020
СІМ Ливандағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

Ливан астанасы Бейруттегі кемежай маңында бірнеше жойқын жарылыс болды. Ақпарат көздері 70 адам көз жұмғанын хабарлайды.

Тағы 400 адам жарақат алған. Жарылыс салдарынан бірнеше шақырым жердегі ғимараттарға, халықаралық әуежайға нұқсан келді. Ливандағы Қазақстан Елшілігі де зақымданған.

Қазақстанның осы мемлекеттегі консулы Спабек Бағланның хабарлауынша, дипмиссия қызметкерлері жапа шеккен жоқ. Тек консулымыз аздаған жарақат алған.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әйбек Смадияровтың айтуынша, жарылыс кезінде жапа шеккендер арасында басқа да қазақстандықтардың бар-жоғы анықталып жатыр. Ал Ливан Премьер-министрі 5 тамызды аза тұту күні деп жариялады.

Хабар 24 телеарнасы