427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейруттегі жарылыс бойынша ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді түсініктеме берді

  • 510
  • UPD: 11:04, 05.08.2020

Бейруттегі жойқын жарылыс бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді түсініктеме берді.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Жарылыс туралы хабар түсе салысымен Президент Қасым-Жомат Тоқаев бізге хабарласып, Ливанда жүрген Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тапсырма берген болатын. Қазіргі таңда дипломаттарымыз азаматтармен хабарласуда. Ливанда консулдық есебінде 113 қазақстандық тіркелген. Барлығымен қазір байланыс орнатылған. Дипломатмиялық миссияның мүшелері мен отбасы мүшелері аман-есен. Одан бөлек Ливанда БҰҰ бітімгерлік миссиясы орналасқан. Сол миссияның арасында біздің 120 қазақстандық жауынгер бар. Олар қазір ротация процесінде. Олар алдыңғы күні Ливан мемлекетіне барып ауысқан болатын. Өз орналасатын жерге аман жетті.

Хабар 24 телеарнасы