426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы жандануы мүмкін

  • 412
  • UPD: 17:18, 08.08.2020
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы жандануы мүмкін

Бұл туралы қос ел өкілдерінің кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Анкараға арнайы барған қазақстандық делегация Түркияның Денсаулық сақтау министрімен жүздесті. Алексей Цой Фахреттин Кожаға еліміздегі коронавирусқа қатысты ахуал тұрақталғанын және бақылауда екенін баяндады. Келіссөздер барысында премьер–министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов түрік тарапына пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, қос елдің өкілдері індеттің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және арадағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Еске сала кетейік, «Эйр Астана» компаниясы бүгіннен бастап тамыздың 17-не дейін Түркия бағытындағы әуе рейстерін тоқтататыны туралы кеше мәлімдеп, қазақстандық компанияға әуе қатынасын іске асыруға тыйым салған болатын.

 

 

Хабар 24 телеарнасы