429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин карантин шараларын алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына енгізуді тапсырды

  • 430
  • UPD: 15:56, 11.08.2020

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды, деп хабарлады primeminister.kz.

Денсаулық сақтау министрі А.Цой 10 күн ішінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының репродуктивтілігінің орташа көрсеткіші 0,92-ден 0,82-ге дейін төмендегенін баяндады. Сауығып шыққан адамдардың үлесі 73,6%-ті құрайды, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Төсек орындарының жүктемесі 61%, жедел жәрдем шақыру көлемі 62% (3 232-ден 1 232-ге дейін) төмендеді.

«Жалпы алғанда, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Нәтижелер қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетіп жатыр», - деп А.Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы