432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

  • 602
  • UPD: 20:37, 15.08.2020
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл елде  53 мың студент мемлекет есебінен жоғарғы оқу орындарында білім алады. Білім және ғылым министрлігі грант иегерлерінің толық тізімін жариялады. Жалпы 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болған. Оның ішінде тегін білім алуға қол жеткізгені 53 адам. Мұнан бөлек магистратураға 13300 грант, докторантураға 2355 білім гранты бөлінген.

Мемлекеттік білім грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.

Еске сала кетсек, 2020-2021 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Құжатқа сәйкес, биыл жоғарғы білімі бар кадрларды (бакалавр) даярлауға 53864 грант бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы