425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы карантин: бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты

  • 883
  • UPD: 12:56, 16.08.2020
Елордадағы карантин: бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты astana.gov.kz

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы қаулысы жарияланды.

Құжат Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сайтында жарияланды.

«Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, коронавирустық инфекциямен   сырқаттанушылық   деңгейінтөмендету және оның  Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында таралуын болдырмау мақсатында 17 тамыздан бастап шектеулі карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету басталады», – делінген хабарламада.

Елордадағы қоғамдық көліктер ертең таңғы 6:00-ден 22:00-ге дейін жүретін болады. Қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысында жолаушыларға арналған орындар ғана толуы тиістігі көрсетілген. Қоғамдық орындар мен көліктегі маска тағу міндеті алынған жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының есігі таңғы 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады. Ал азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлар 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. 9-дан 23:00-ге дейін мейрамхана, дәмхана, асхана сынды қоғамдық тамақтану орындарына бара аласыз. Бастысы, ғимараттағы меймандар саны 30 адамнан аспауы тиіс. Құзырлы органдар санитарлық талаптардың сақталуын басты назарға алатын болады.  

- жұмыс күнінің (ауысымның) ұзақтығын барынша қысқарту мүмкіндігімен меншік нысаны мен қызметкерлердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлерінің кемінде 80% үшін қашықтықтан жұмыс нысанын сақтау;

- сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу;

- жұмыс күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6:00-ден 22:00-ге дейінгі жұмыс кестесімен және демалыс күндері жұмысқа тыйым салу;

- сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын жұмыс күндері күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, демалыс аймақтарында және демалыс орындарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтай отырып,жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілеумен жәнедемалыс күндері жұмысқа тыйым салумен ұйымдастыру.

 

Хабар 24 телеарнасы