420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ: Оқу жоспары дайын, каникул күндері белгіленді

  • 398
  • UPD: 12:29, 18.08.2020
ҚР БҒМ: Оқу жоспары дайын, каникул күндері белгіленді

Алдағы оқу жылының толық жоспары дайын, тоқсан аралық каникулдар да белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш тоқсан арасында 33 күн демалыс болады.

Ал бірінші сынып оқушылары 7 күн артық демалады. Білім және ғылым министрлігі осыған қатысты арнайы бұйрық шығарды. Құжатта оқу жылы 1 қыркүйекте басталатыны айтылған. Оның ұзақтығы 34 аптаны құрайды. Егер оқу бағдарламасы мерекеге сәйкес келсе, ол одан кейінгі күндерге ауысады Ал бірінші тоқсаннан кейінгі каникул 5 қарашада басталады. Ол кезде оқушылар 10 күн демалады. Одан кейін 31 желтоқсаннан бастап 11 күн үзіліс беріледі.

Көктемгі демалыс наурыздың 20-сы мен 31-і аралығында болады. Бұйрықта бірінші сыныптағыларға ақпан айында қосымша каникул берілетіні көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы