421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді

  • 336
  • UPD: 16:13, 18.08.2020
Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминнің есебін тыңдады, деп хабарлады akorda.kz.

Премьер-министр Мемлекет басшысына еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады.

Президентке тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, күзгі жиын-терім жұмыстарын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына дайындық жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар кездесуде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету мәселелері сөз болды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы