429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Алексей Цой күзде болуы мүмкін жаңа толқынға дайындық жайлы айтты

  • 489
  • UPD: 13:50, 19.08.2020
COVID-19: Алексей Цой күзде болуы мүмкін жаңа толқынға дайындық жайлы айтты

Қазақстанда қазан айында 13 модульдік инфекциялық стационар салу жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министр денсаулық сақтау жүйесін COVID-19-дың ықтимал жаңа толқынына дайындық шаралары жайлы айтты.

Еліміздің дәріханаларына 10 млн-нан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіп, 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңгеге қосымша екі айлық қор құрады. СК-Фармация негізінде Республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды.

Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 1500 отандық тауар өндірушілерден, 1078 жергілікті бюджет, демеушілік көмек және Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады.

«23 890 төсек-орын оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары арқылы қамтамасыз етілмек.

2020 жылдың қазанына дейін еліміздің аудандық ауруханаларын сандық рентген аппараттарымен 100% қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауруханаларға ұқсас 2,7 мың төсек-орны бар жаңа 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылдады», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы