423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі

  • 438
  • UPD: 15:39, 21.08.2020
Елімізде демалыс күндері карантиндік шаралар күшейтіледі BaigeNews.kz

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес 22 және 23 тамызда қоғамдық көліктің, сондай-ақ сауда орталықтары, сұлулық салондары, монша, азық-түлік базарлардың қызметі тоқтатылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан қаласында демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы да шектеледі. Дәмхана мен мейрамханада тағамды тапсырыс бойынша жеткізіп және келушілерге өзімен бірге алып кетуіне рұқсат етілді. Ал, Алматыда сенбі және жексенбі күндері Медеу, Алма-Арасан және басқа да ұлттық парктерге баруға және тауға шығуға тыйым салынады.

Айта кетейік, еліміздің өңірлеріндегі шектеу шаралары эпидемиологиялық ахуалға қарай әр облыстың бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысына сәйкес енгізіледі.

Хабар 24 телеарнасы