420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылады

  • 392
  • UPD: 22:06, 24.08.2020

Елордадағы сауда орталықтары мен орталық базарларда карантинге байланысты санитарлық талаптар сақталып жатыр.

Осыған байланысты аталған нысандардың жұмыс тәртібі 2 сағатқа ұзартылуы мүмкін. Яғни сауда орталықтары сағат 22:00-ге дейін, ал сауда алаңдары сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуі ықтимал.

Бүгін премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетовамен және денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен бірге қоғамдық орындардағы жағдайды көріп қайтты. Кезектен тыс жүргізілген рейд барысында олар құрылыс материалдарын сататын орталықтардың жұмысымен де танысты.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Сегізге дейін давай, давайте до восьми часов дайте, хорошо, сегізге онда рұқсат берейік.

- Келіп жатқан елдің бәрі сақтап жатыр ма?

- Сақтап жатыр, сақтап жатыр. Адам аз жүреді. Енді мектептің алдында келеді ғой.

Хабар 24 телеарнасы