424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу өткізді

  • 353
  • UPD: 18:10, 27.08.2020
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу өткізді

Бүгін «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесті.

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында жазды.

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев алда болатын «Nur Otan» Саяси кеңесі бюросының отырысында айтылатын мәселелер мен партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі бөлімдерін қарады.

Әңгіме барысында Елбасы мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде елдің одан әрі дамуын қамтамасыз ету жайын талқылады.

Хабар 24 телеарнасы