420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

  • 311
  • UPD: 10:49, 30.08.2020

Қазақстанның Конституциясы осыдан 25 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды.

Бүгін – Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні. Қазіргі Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енді. Конституция 9 тарау және 98 баптан тұрады.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Қазақстанда Конституция тұңғыш рет 1924 жылы және кейінірек 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Қазіргі Ата Заңымыздан бұрын Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда алғашқы Конституция қабылданған болатын.

Хабар 24 телеарнасы