429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады

  • 295
  • UPD: 13:57, 08.09.2020
Елімізде салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады

Елімізде 64 млн теңге өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде 31400-ге жуық қазақстандық салықтық рақымшылыққа іліккен. Олар 295,3 миллион теңге төлеп, өсімпұлдан құтылған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Жалпы, биыл бюджетке 12,7 млрд теңге көлемінде салық төлейтін 1 млн 200 мың азаматтың 4,3 млрд теңгеге жуық өсімпұлы автоматты түрде есептен шығарылуы тиіс. Бүгінге дейін 10 мыңнан аса елордалық осындай мүмкіндікті пайдаланып үлгерді. Тізімді Алматы қаласы мен Түркістан облысы жалғайды. Ал есептен шығарылған өсімпұл бойынша Алматы көш басында. Мұнда 17,7 млн теңге көлеміндегі өсімпұл жойылған.

Айта кетейік, салықтық рақымшылық 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы