424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ОСК төрағасы Берік Имашевты қабылдады

  • 259
  • UPD: 17:22, 08.09.2020
Мемлекет басшысы ОСК төрағасы Берік Имашевты қабылдады Ақорда

Президентке осы жылдың 12 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы баяндалды.

Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның сайлау органдарының пандемия жағдайында сайлау өткізудің алғашқы тәжірибесі және сайлауға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық қызметтермен бірлесіп өткізілген шаралар кешені талқыланды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқанының тәжірибесімен таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы