424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндеріндегі шектеу шаралары жалғасады – А.Цой

  • 213
  • UPD: 10:32, 09.09.2020
Демалыс күндеріндегі шектеу шаралары жалғасады – А.Цой

Демалыс күндері кейбір нысандардың қызметін шектеу жалғасады.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.

«Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында және елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсы динамикада сақтап тұру үшін демалыс күндердегі кейбір шектеу шаралары мен локдаундар жалғасады», - деді.

Айта кетсек, демалыс күндері сән салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар, фитнес орталықтар, бассейндер, жаттығу залдары, моншалар, діни нысандар қызметі тоқтатылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы