424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ онлайн платформалардың кемшін тұстары барын мойындады

  • 225
  • UPD: 17:41, 09.09.2020
ҚР БҒМ онлайн платформалардың кемшін тұстары барын мойындады

Қаржы мұғалімнің үйін емес, мектепті интернетпен қамтуға қарастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, еліміздегі білім ордалары 96% жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Сондықтан қашықтан оқытудағы олқылықтың себебі басқада. Бүгін құзырлы министрлік өкілдері арнайы брифинг өткізіп, қаптап кеткен сындарға жауап қатты. Әсіресе, «онлайн платформаларға бөлінген миллиардтаған қаржы текке кетті» деуге асықпайды. Тіпті оған қатысты Есеп комитеті тексеріс жүргізіп, ешқандай мін таппағанын алға тартты. Бірақ оқушылар білім алып жатқан онлайн платформалардың кемшін тұстары барын мойындады. Оның ішінде сабақ барысында порнографиялық видеолар қосылып, арты үлкен дауға ұласқаны бар.

Қазір қоғамның назары соған ғана ауып, біраз еңбек еленбей қалып жатқанын айтады вице-министр Шолпан Каринова. Сондай-ақ Білім және ғылым вице-министрі оқушыларды дәстүрлі режимде оқытуға көшіру жайында да айтты. «Өз ұсыныстарымызды Денсаулық сақтау министрлігіне ұсындық. Мектептер жұмысын қалпына келтіру форматының бірнеше нұсқасы бар. Әр аймақта жағдай әртүрлі. Біз мектептерді әкімдіктердің шешімі бойынша, аумақтық санитарлық инспекторлардың келісімі бойынша ашуды ұсындық. Бұл ең дұрыс тәсіл», - деді ол.

 

Хабар 24 телеарнасы