426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Цой: Індеттің екінші толқынына барынша дайын болу керек

  • 359
  • UPD: 16:15, 10.09.2020
А.Цой: Індеттің екінші толқынына барынша дайын болу керек

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Соңғы 3 айда коронавирус бойынша жедел медициналық көмек шақыру 5 жарым есе, ал науқастарды төсек-орынмен қамту қажеттілігі 6 есе азайған. Індет жұқтырғандардың 99% сауықты. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды Еуропа елдеріндегі эпидемиологиялық ахуал алаңдатып отыр. Тіпті ТМД елдерінде де коронавирус жұқтырғандар саны Қазақстаннан 5 есе көп екен.

«Сондықтан індет өршуінің екінші толқынына барынша дайындалуымыз керек», – деді министр. 

Денсаулық сақтау министрі қашықтан оқытудың жалғасу себебін түсіндірген болатын.

«Бұл – мәжбүрлі түрде болған шара. Қазіргі уақытта жеңілдету жағын да қарастырып жатырмыз. Бірақ ол кезең-кезеңмен жүргізіледі», - деді министр.

Хабар 24 телеарнасы