423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

  • 501
  • UPD: 14:54, 11.09.2020
Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Юрий Ильин Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының тиісті жарлығы жарияланды. Юрий Ильиннің кандидатурасы Парламенттегі төменгі палата тарапынан да қолдау тапты. Осы күнге дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген ол енді қайта құрылған ведомствоға жетекшілік етеді.

Юрий Ильин, ҚР төтенше жағдайлар министрі:

­– Төтенше жағдай немесе оқыс оқиғалар жөнінде халықты әрдайым құлағдар етіп отыру – бірінші кезектегі міндетіміз. Бұл адам тағдырына қатысты тәуекелдерді азайтады. Сондықтан аз ғана уақыттың ішінде жаңа жүйе жұмысын жолға қойып, барлық облыс орталығына енгізу қажет. Сосын басқару ісі де аса маңызды. Ол министрліктің дағдарыс орталығынан басталып, өңірлерде де тиімді жүзеге асуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы